Балаларға берілетін төлем: егер ақша түспесе, ата-ана не істеуі керек?

БЖЗҚ өкілдері ата-аналарға баласына Ұлттық қордан ақша түспеген жағдайда не істеу керегін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеру қажет:

  • балада жеке басын куәландыратын құжат болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі); жеке басын куәландыратын құжатта деректер болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
  • egov.kz порталындағы жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтер болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады).

Егер балада:

  • жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінген жөн;
  • азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе ол дұрыс көрсетілмеген болса, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.

«Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісін түспеген кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептеледі», — деп жазылған хабарламада.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.