Қазақстанда америкалықтар мен еуропалықтар қанша баланы асырап алған?

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректерді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тәртібі екі түрге бөлінгенін хабарлады:

  • Қазақстан азаматтарының асырап алуы;
  • шетел азаматтарының асырап алуы.

Бала асырап алу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс, сондай-ақ Қазақстанның басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

«1999-2011 жылдар аралығында шетел азаматтары 8 805 баланы асырап алса, 2013-2023 жылдар аралығында 158 бала асырауға берілген», — деп хабарлады министрлік.

Ведомство мәліметінше, 2013 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балаларды бақылау тек Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

«Көбінесе қазақстандық балаларды Еуропа: Испания, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, сондай-ақ АҚШ, Канада және басқа елдердің азаматтары асырап алған», — деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.

Бүгінде 5217 асырап алынған қазақстандық кәмелет жасқа толғаны белгілі. Министрлікте қайтыс болған балалар туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ, заңға сәйкес, баланы туыстары, елде және одан тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары асырап ала алмайтын жағдайда ғана шетелдіктер асырауына берілуі мүмкін екені айтылды.

Салыстыру үшін: 2023 жылы қазақстандықтар 226 баланы асырап алған.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.