Қазақстанда көшеде вейп ұстағандар тоқтатылып, қайдан алғаны сұрала ма?

Жақын арада Қазақстанда вейпті таратуға және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен заң талаптарын орындамағандар қалай анықталатыны сұралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жедел жұмыс, бізде ол заңды негізде. Барлық тетік бар», — деді министр Мәжіліс кулуарында.

Журналистер «қазақстандықтарды көшеде тоқтатып, олардан вейпті қайдан алғаны сұрала ма» деп нақтылау сұрағын қойды.

«Керек болса, табамыз», — деп қысқа жауап берді Сәденов.

Еске салайық, Қазақстанда вейп әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті заңды 24 қаңтарда Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.