Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ үрейленбеуге шақырды

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық жағдай туралы жедел ақпарат жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы тәулікте, 30 қаңтарда сейсмикалық станциялар желісі Қытайда алты жер сілкінісін тіркеді. Соның біреуі сағат 04:27-де Қазақстанда сезілді — 2 балл. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды ұсынады», — делінген хабарламада.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады