Ұрып-соғу — қылмыстық бап: заң жобасы Мәжіліске өтті

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза өзгереді. Мәжіліс депутаттары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қарауға қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мәжілісмендердің бастамасымен әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленген.

«Заң жобасы Мемлекет басшысының тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес келеді», — деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Құжат келесі негізгі нормаларды қамтиды:

  • ұрып-соғып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жаза қатаңдайды (әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылады);
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жәбірленуші тараптың мәлімдемесін күтпей-ақ сотқа талап қоюға болады;
  • соттарға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессив мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық көмек тағайындауға рұқсат етіледі;
  • педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылады;
  • өзін-өзі өлтіруге үгіттеу немесе өзін-өзі өлтіруге жеткізу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу;
  • балаларға арналған интернаттық және жабық мекемелерді алдын ала ескертусіз кез келген уақытта тексеру ұсынылады.

Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді 

Қазақстан Үкіметі жаңа сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.

Құрылтай жұмысын 1 шілдеден бастауы мүмкін 

Парламент платаларының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.