Қазақстанда ауызсуды көлік жууға пайдалану мәселесі қалай шешілмек?

Үкіметте өткен брифингте су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауызсуды көлік жууға пайдалануға қатысты сыны туралы сұралды. Шенеуніктің айтуынша, олар жағдайды қалай түзетуге болатынын анықтап қойған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір Су кодексінде техникалық қызмет көрсету станцияларында ауыз суды пайдаланатын кәсіпкерлердің белгілі бір уақыт аралығында автомобильдерді жууға пайдаланатын суды тазартатын жабдық қою нормасын қарастырғымыз келеді. Яғни, суды қайта пайдалану», — деді Нұржігітов.

Министрлік бұл жабдықты қанша уақыт аралығында орнату керек екенін әлі шешпеген, бұл мәселе талқыланып жатыр.

«Екінші мәселе — тарифтер бойынша шешеміз. Яғни, ауызсуды басқа қажеттіліктерге пайдаланатын кәсіпкерге тариф айтарлықтай көтеріледі», — деп қосты министр.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...