Қазақстандық мұнайды қай елдер өндіреді?

Былтыр Қазақстанда 90 миллион тоннаға жуық мұнай өндірілді. Мұндай мәліметті Энергетика министрлігі мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Tengrinews.kz редакциясының ауызша сауалына Энергетика министрлігі 2023 жылы Қазақстанда 89,9 миллион тонна мұнай өндірілгенін хабарлады. Қазақстанның үлесіне өндірістің 33,1 пайызы тиесілі. Біздің мұнайды мына елдер де өндіреді:

  • АҚШ – 30,9 пайыз;
  • Еуропа – 18,4 пайыз;
  • Қытай – 11,4 пайыз;
  • Ресей – 3,5 пайыз;
  • басқа елдерде – 2,7 пайыз

Ең көп мұнай Атырау облысында өндірілген – 58,6 пайыз. Мұнай мына аймақтарда да өндіріледі:

  • Маңғыстау облысы — 18,5 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысы — 13,65 пайыз;
  • Қызылорда облысы — 4,1 пайыз;
  • Ақтөбе облысы — 5,1 пайыз;
  • Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары — 0,05 пайыз.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...