Алматыда мемлекет қажеттілігіне қанша жер телімі сатып алынды?

Алматы әкімдігі 2023 жылы қанша жер телімі мемлекет қажеттілігі үшін алынғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алған.

«Мәселен, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық; Бостандық ауданында жайлы мектеп салу Әуезов ауданы Қуаныш шағын ауданындағы №18 емхана; Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру; Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу; Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша; Түрксіб ауданы Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т.б. жобалар бойынша сатып алу аяқталды», — делінген хабарламада.

2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралған. Алматы әкімдігінің 1478 жеке тұлғаға және 2448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданған. Қазіргі кезде Алматы жер көлемі 68,3 мың гектар.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...