Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланды. Қаладағы барлық сауда нысандарында ер адамның суреттері ілінген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Патриот» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Полицейлер ер адамның суретін жариялап, екінші категория бойынша іздеу салған.

Яғни ол аса қауіпті қылмыскер емес, алайда оны ұстау өңірлік полиция департаменті мен ІІМ ерекше бақылауында. Себебі оның әрекеті қоғамда резонанс тудырды.   

Қарағанды полиция бөлімінің қызметкерлері Нұрболат Дәкебаев жайлы ақпарат білетіндер болса 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Видео телеграм арналардың бірінде тараған болатын. Роликте ер адам жедел жәрдем жүргізушісін балағаттап, артынша соққыға жыққанын көруге болады. 

Артынша соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...