Заңсыз алынған активтерді қайтару: тізімге жаңа есімдер енгізілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында тексеру шаралары басталатын жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланды.

«Бұған дейін реестрге енгізілген кейбір тұлғалар бойынша кінәсін мойындау және заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтару туралы процессуалдық келісім жасау жоспарланған.

Бұдан бөлек, реестрдегі жекелеген субъектілердің және оларға үлестес тұлғалардың шығу тегі түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу туралы талаптар қойылады», — делінген хабарламада.

Премьер-министр Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы шешімі – «Әділетті Қазақстанды» құру процесінің жалғасы екенін атап өтті. Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 триллион теңгеге жуық активтер қайтарылды.

Құрылтай жұмысын 1 шілдеден бастауы мүмкін 

Парламент платаларының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.