Алматы маңында бір түнде жеті рет жер сілкінді

Алматыдан 287 шақырым жерде Қытай аумағында жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл өткен түні Қазақстан маңында болған жетінші жер сілкінісі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сейсмикалық станциялар желісі 26 қаңтарда сағат 07:55-те Алматы уақытымен жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. MPV магнитудасы — 5,5», — делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Қазақстанда алғашқы жер сілкінісі 01:21-де Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 297 шақырым жерде болды. 40 минуттан кейін алматылықтар 2 баллдық жер сілкінісін сезді. Магнитудасы 5,7 жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Біраз уақыттан кейін тағы бірнеше жер асты дүмпуі болды — сағат 03:11, 04:38, 06:17 және 07:14-те.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...