Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматыда жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтардың смартфондарына келген хабарландыру қызметі жер сілкінісінің шамамен магнитудасы 6,2 болғанын хабарлайды.

Алматылықтар үрейленіп, далаға шығып, қаладан шығатын жолдарда кептеліс пайда болды.

«Өзара әрекет ету алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, қирау, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуал тексеру туралы мәлімет жинау үшін ақпарат берілді», — деп хабарлады Алматы ТЖД.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «НТЦСН и И» сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1.

Магнитудасы – MPV 6.7.

Тереңдігі – 65 шақырым.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...