Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге айыппұл салынды

Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Joint Technologies ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 миллиард теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.

«Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын», — делінген хабарламада.

2023 жылғы қазандағы Forbes деректері бойынша, Joint Technologies ЖШС меншік иесі Тимур Құлыбаев болып табылатын «Кипрос» ЖШС-нің еншілес құрылымына тиесілі.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...