Еліміздің 3 облысында жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Атап айтқанда, Жамбыл облысында 1 учаске: «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен ауданы – Қайнар ауданы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) — 79 шақырым. Жетісу облысында 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында 2 учаске: «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы — РФ шекарасы – 100 шақырым. «Самара-Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы — Орал қаласы – 51 шақырым», — делінген хабарламада.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...