2023 жылы Қазақстанда ақылы жолдар қанша ақша әкелді?

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы былтыр қазақстандық автожолдардың ақылы учаскелері «тапқан» соманы атады. Бүгінге дейін республикалық маңызы бар 3,2 мың шақырым жолда ақылы қозғалыс ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы 17 ақылы учаске бойынша жүргізушілерден 30 миллиард теңгеден аса қаражат алынды. Ақша ақылы учаскелерді күтіп ұстауға және жөндеуге, ақы алу жүйесін ұстауға, инвестицияны қайтаруға және жол жөндеу техникасын алуға бөлінеді.

«Жыл сайынғы аудиторлық есеп жүргізіліп, таза пайда анықталғаннан кейін 80 пайызы республикалық бюджетке төленеді, 20 пайызы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында жол саласын дамыту үшін қалады», — деп түсіндірді компания.

Сондай-ақ, жол жүру ақысын Көлік министрлігі бекітетінін және айлық есептік көрсеткішке байланысты екені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.