Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібі белгілі болды

Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібі белгілі болды. Бұл туралы Сенат кулуарында депутат Ақмарал Әлназарова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы бірлескен отырыста депутаттар бітімгершілік күштерді жіберу мәселесін талқылайды.

«Қазақстанның бітімгершілік күштерін жіберу мәселесі көтеріледі. Жалпы, бұл шешімді Мемлекет басшысының ұсынысымен Парламент қабылдайды. Сондықтан, бұл үйлестіру Конституцияның 53-бабы аясында жоспарланып отыр», — деді сенатор.

Біздің бітімгерлер қай елге жіберілуі мүмкін екені әзірге белгісіз.

«Негізі бұл бар тәжірибе. Қазақстан бітімгершілік күштерін жіберген, сондықтан бұл жұмыс жоспар бойынша (жүріп жатыр — еск.). Қазір БҰҰ белгіледі, ертең кездесуде сіздермен бірге естиміз», — деп қосты Әлназарова.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...