Декларация дұрыс толтырылмаса не болады?

Биыл жалпыға бірдей декларациялаудың кезекті кезеңі басталды. Бұл кімдерге қатысты? Декларацияны тапсырудың мерзімі қандай? Табыстары мен мүлкі туралы декларацияда жалған мәлімет көрсетілсе, қандай жаза қолданылады? МКК жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндетті. Декларацияны тапсыру мерзімі — 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.

Декларацияны қате толтырсам не болады?

МКК мәліметінше, азаматтар кез келген қателер мен дәлсіздіктерді қосымша декларация беру арқылы өз бетінше түзетуге құқылы. Бірінші рет декларацияны ұсынбау немесе ақпаратты анық емес көрсету ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.

Бір жыл ішінде заңбұзушылықтар қайталанған жағдайда, уақтылы тапсырмағаны үшін — 55 380 теңге (15 АЕК), мәліметті анық емес көрсеткені үшін — 11 076 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.

Салықтардың төленбеуіне әкеп соқтырған заңбұзушылықтар үшін айыппұл төленбеген салық сомасының 200 пайыз, заңбұзушылық қайталанған жағдайда 300 пайыз болады (салық салу объектісін жасырған кезде).

Қымбат гауһар алқа болса, не істеу керек?

Құны 3,45 миллион теңгеден (1000 АЕК) асатын кез келген қымбат тұратын мүлікті, егер 2023 жылғы 31 желтоқсандағы бағалау құны болса, декларацияда көрсетуге құқығыңыз бар. Бағалау декларация тапсырылғанға дейін (15 қыркүйекке дейін) кез келген күні жасалуы керек, оны кез келген бағалау компаниясында жасауға болады.

Декларацияда қарыз шарты қалай көрсетіледі?

Банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілуге ​​жатпайды. Бірақ басқа жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы басқа борыштық міндеттемелер, сондай-ақ өтеуге жататын қарыздар көрсетіледі.

Бұл ретте, Салық кодексінің нормаларына сәйкес қарыз шарттары нотариалды куәландырылуға тиіс (Салық кодексінің 631-бабының 2-тармағы).

«Шарттарды нотариалды куәландыру жеке тұлғаның берешегі мен міндеттемелерінің сомасын сенімді түрде көрсетуді қамтамасыз етеді. Шарттарды куәландыру тәртібі «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-тарауымен регламенттеледі, нотариаттық іс-әрекеттер жасау мерзімдері 40-бапта айқындалған.

Бастапқы декларацияны бергенге дейін нотариалды куәландырылған болуы керек (тапсыру мерзімі 2024 жылдың 15 қыркүйегі), себебі қарыздар мен міндеттемелер тек бастапқы декларацияда көрсетіледі, толықтырулар қабылданбайды (Салық кодексінің 211-бабы 5-тармағы (7) тармақшасы)».

Декларацияны тапсырмаса не болады?

Бірінші рет декларацияны ұсынбау немесе ақпаратты анық емес көрсету ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеледі. Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанған жағдайда, уақтылы тапсырмағаны үшін — 55 380 теңге (15 АЕК), мәліметті анық емес көрсеткені үшін — 11 076 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.

Салықтардың төленбеуіне әкеп соқтырған заңбұзушылықтар үшін айыппұл төленбеген салық сомасының 200 пайыз, заңбұзушылық қайталанған жағдайда 300 пайыз болады (салық салу объектісін жасырған кезде).

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.