Қазақстанда үш жаңа ЖЭО салынады: алдын ала құны белгілі болды

Қазақстанда салынатын үш жаңа ЖЭО-ның алдын ала құны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Көкшетаудағы ЖЭО қуаты 240 мегаватт, Семейде — 360 мегаватт, Өскеменде — 360 мегаватт болатынын айтты. Жобаларды іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымдар ретінде «Самұрық-Энерго» және «ИНТЕР РАО Экспорт» бекітілген.

«Көрсетілген үш қалада жылу электр орталықтарын салу үшін субсидияланған мөлшерлеме бойынша жеңілдікті қаржыландыруды қамтамасыз ету шартымен Ресей Федерациясында өндірілген негізгі технологиялық жабдықтарды пайдалану жоспарланған», — деді Қайрат Мақсұтов.

Қазіргі уақытта Көкшетауда ЖЭО бойынша ТЭН әзірлеу аяқталды, Семейдегі ЖЭО бойынша ТЭН биыл наурызда дайын болады, ал Өскемендегі ЖЭО бойынша 2024 жылдың аяғына дейін орындай отырып, ТЭН әзірлеуге кірісуді жоспарлап отырмыз.

«Көкшетау және Семей ЖЭО бойынша EPC-келісімшартқа қол қою биыл 3-тоқсанда, Өскемен ЖЭО бойынша — 2025 жылдың 1-тоқсанында болжанады. Құрылыстың аяқталуы — 2027-2028 жылдары», — деді Мақсұтов.

Төраға ұсынған слайдтарда әрбір жылу электр орталығының алдын ала құны көрсетілген:

  • Көкшетау ЖЭО – 347 миллиард теңге;
  • Семей ЖЭО – 420 миллиард теңге;
  • Өскемен ЖЭО – 490 миллиард.

Фото: «Самрук-Энерго»

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Мақсұтов жобалардың құны «әлі бекітілген жоқ» деп мәлімдеді.

«Нақты сомаға келетін болсақ, оны айта алмаймыз. Ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады. Жарияланған сома болжамды. Құны әлі бекітілген жоқ», — деді ол.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.