Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -26…-28°C, күндіз -22…-24°C.

Алматыда күн бұлтты, кей уақытта қар, тұман, көктайғақ болады, жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз -3…-5°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -2°С дейін.

Талдықорғанда бұлтты, кей жерлерде қар жауады, жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз -1…-3°С. Облыс бойынша қар жауады, солтүстікте бұрқасын күтіледі.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -7…-9°С, күндіз -1…-3°С.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -27…-29°C, күндіз -18…-20°C.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -8…-10°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -28…-30°C, күндіз -20…-22°C.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -26…-28°С, күндіз -18…-20°С.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 7-12, екпіні 15-18 метр. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -16…-18°C.

Конаевта бұлтты, кей жерлерде қар, тұман, көктайғақ, жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз -3…-5°C. Облыстың басым бөлігінде қар жауады, батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда қалың қар, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -22…-24°C, күндіз -17…-19°C.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -9…-11°C.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 9-14, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -22…-24°C, күндіз -16…-18°C.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 9-14, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -18…-20°C.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 7-12, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -17…-19°C, күндіз -12…-14°C. Облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында қар жауып, бұрқасын күтіледі.

Таразда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, жел секундына 9-14 метр күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -5…-7°C. Облыс бойынша қар жауады деп күтілуде.

Түркістан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 8-13, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -7…-9°С, күндіз -1…-3°С. Облыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қар жауып, көктайғақ күтіледі.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні секундына 9-14, 18 метр. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -11…-13°C. Облыстың батысында аздаған қар жауады, бұршақ жауады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні секундына 7-12, 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -13…-15°C. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...