Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.