Елімізде баспана мен көлік алудың жаңа механизмі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін лизингті енгізуді қарастыратын түзетулер зерттеліп жатыр. Тиісті түзетулер қабылданса, қазақстандықтар кейіннен сатып алу арқылы ұзақ мерзімге жалға берілетін баспана мен көлік ала алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттық бастама шеңберінде жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін лизингті енгізуді көздейтін заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар блогы «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген. Қазіргі уақытта түзетулер Үкіметпен келісу рәсімінен өтіп жатыр, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

«Бастама жасалған түзетулер лизинг алушы ұғымын кеңейту арқылы жеке тұлғалар үшін лизинг енгізуге бағытталған. Түзетулерге сәйкес, жеке тұлғалардың шарттары бойынша лизинг нысанасы мемлекеттік тіркеуге жататын жеке тұрғын үй, пәтер, автомобиль көлігі болуы мүмкін», — делінген Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта.

Мерзімі өткен борыштың мөлшерін шектеу үшін 90 күн өткеннен кейін лизинг шарты бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын есептеуге тыйым салу ұсынылады. Сондай-ақ, қазақстандықтарға есептелген сыйақы сомасын қайтаруды қоспағанда, лизинг нысанасы құнының қалдығын қайтару жөніндегі міндеттемелерді бір мезгілде тоқтата отырып, лизинг нысанасын (оның қалыпты тозуын ескере отырып) мерзімінен бұрын қайтару құқығы берілуі мүмкін.

Жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатында шарт жасасқанға дейін лизинг беруші таңдау үшін лизинг шарты бойынша міндеттемелерді өтеу әдісі мен кезеңділігін ұсынатыны көзделеді.

«Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғамен жасалған лизинг шарттарында лизинг берушіден алынатын комиссиялар мен басқа да төлемдердің тізбесі, олардың сомалары көрсетіледі», — деп толықтырды министрлік.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.