Жаңажылдық демалыс күндері Алматыда автобустар қалай жүреді?

Алматы әкімдігі жаңа жылдық демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмыс кестесі туралы түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері Алматы қаласында жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді. Мысалы, 2022-2023 жылдары жаңа жылдық демалыс күндері Көлік холдингінің мәліметінше, жолаушылар ағыны күніне 300 мың адам, ал жұмыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 млн адамға жетеді.

Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік келесі кесте бойынша жұмыс істейтін болады:

  • 2023 жылғы 30 және 31 Желтоқсанда және 2024 жылғы 2 қаңтарда — штаттық режимде сағат 23:00-ге дейін, желіде жылжымалы құрамның 80 пайызы жүретін болады;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі күтілуде, осыған байланысты автобустардың 50 пайыз желіге шығарылатын болады.

«Медеуге» дейін жүретін №12 маршрут жылжымалы құрамның 20 бірлігі желіге шыға отырып, демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 23:30-ға дейін штаттық режимде жұмыс істейтін болады. №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады.

Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, қозғалыс аралығы 10 минутқа дейін.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.