Қазақстанда қанша адам өлім жазасына кесілген?

Бас прокуратура 2023 жылғы үкімдер туралы мәліметті ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2023 жылдың 9 айында Қазақстан соттары 242 адамды ақтап, 9 адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген (заңды күшіне енген үкімдер негізінде).

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған 9 адам: Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша, адам өлтіру – 5 адам, ҚК-нің 120-бабы бойынша, зорлау – 1 адам, ҚК-нің 121-бабы бойынша, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін – 3 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

«Сотталғандар туралы қолда бар мәліметтерге сәйкес, 1994 жылдан бері заңды күшіне енген үкімдер бойынша 73 адам өлім жазасына кесілген», — делінген жауапта.

Еске салайық, Қазақстанда өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен тоқтатылған.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...