Қазақстанда салық органдары такси жүргізушілері мен сатушыларды қашан тексере бастайды?

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері мен дүкен сатушылары салық органдары назарына қашан ілігетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Егер бұл азаматтар үшінші кезеңге кірмесе, онда олар жеке тұлға, 2026 жылдан бастап декларация тапсыруы тиіс. Үшінші кезеңге жеке кәсіпкерлер, құрылтайшылар, заңды тұлғаның директорлары-қатысушылары, олардың жұбайлары кіреді. Егер олар осы адамдар тізіміне енсе, онда 2025 жылы декларация тапсырады», — деді министрліктің МКК Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.

Оның айтуынша, жеке тұлғаларды тексеру жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың төртінші кезеңіне енгізілген қазақстандықтардың декларациясы туралы мәліметтер алғаннан кейін 2027 жылы басталады.

Бұған дейін МКК қазақстандықтардың аударымдары туралы банктерден кезең кезеңімен ақпарат келіп түсетін күндерді жариялаған болатын:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша).

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.