2024 жылы кімдердің зейнетақысы мен жәрдемақысы өседі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қалай өсетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерін Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7 пайызға, ынтымақты зейнетақыны — 9 пайызға, яғни инфляция деңгейінен екі пайызға жоғары көтеру көзделгені хабарланды.

«Бюджеттен жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ-дан төлемдерді есептемегенде) 2024 жылы 130 414 теңге (2023 жылы — 120 838 теңге) болады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жылдық кезең ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайынғы кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ең көбі 120 пайызға дейін арттыру жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60-тан 65 пайызға дейін артады, бұл — 28 215 теңге, ең жоғары мөлшері — ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100-ден 105 пайызға дейін, бұл 45 578 теңге болады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақыларды арттырудың кейбір мысалдары:

  • 1-ші, 2-ші, 3-ші бала туғанда төленетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін өседі;
  • бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 4 балалы отбасыларға 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін, 10 балалы отбасыларға 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін өседі;
  • I топтағы мүгедектерге берілетін жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге, II топтағы мүгедектерге – 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге, III топтағы мүгедектерге берілетін жәрдемақы 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша төлемдер 7 пайызға өседі. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша төленеді.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады