Қысқы каникул: Мектеп оқушылары қанша күн демалады?

Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда 10 күн демалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екінші тоқсан бейсенбі, 28 желтоқсанда аяқталады. Қысқы демалыс 2023 жылғы 29 желтоқсан, жұмада басталады.

Қысқы каникул кезінде оқушылар барлығы 10 күн демалады: 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда.

Сонымен қатар, бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар 2024 жылдың ақпанында болады. Мұндай демалыс күндері жыл сайын беріледі. Биыл олар 7 күнге созылады — 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанына дейін (қоса алғанда).

Көктемгі демалыс (11 күн) 21 наурызда басталып, 2024 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) жалғасады.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...