Елімізде «Сергек» тағы қандай заңбұзушылықтарды тіркейді?

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті «Сергек» камераларына тағы қандай заңбұзушылықтар тіркелетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Алматы мен Астанада құқық бұзушылықтың жаңа түрлері бойынша пилоттық жоба қазірдің өзінде іске қосылған.

«Біз қазірдің өзінде пилоттық жобаны қолданып жатырмыз. Пилоттық режимде кейбір қалаларында, Алматы мен Астанада осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Пилоттық жобаны аяқтағаннан кейін бұл мәселені шешуге тырысамыз. Соның ішінде ұялы телефон, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану. Біз мұндай заңбұзушылықтарды алдағы уақытта «Сергек» арқылы анықтаймыз», — деді Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...