Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлерінің саны өзгереді — ІІМ

ІІМ тыйым салынған нөмірлер тізіміне енгізілген, бірақ соған қарамастан кейбір көліктер әлі де тағып жүрген мемлекеттік тіркеу белгілеріне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кей әріп тіркестері сөйлеу мәдениетінің ережелеріне жат және жасырын немесе әдепсіз мағанада қолданылуы мүмкін екенін ескере отырып, олардың айналымға шығуы шектелген, деп түсіндірді полицейлер.

«Мұндай шешім мәдениет саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде де, жеке талдау, әлеуметтік желілерге мониторинг және айналымға шығып кеткен нөмірлер бойынша азаматтардың мәлімдемелері негізінде де қабылданады», — делінген ІІМ-нің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, Қазақстан жолдарында әлі де осындай нөмірлері бар көліктер бар. Министрлік мәліметінше, көлік нөмірі осы серияға шектеу енгізілгенге дейін берілген болса, ол тәркіленбейді.

«Мүмкін комбинациялардың айтарлықтай санын ескере отырып, «тыйым салынған» сериялар саны өзгеретіні сөзсіз. Серияларды тағайындау үшін кезекті қалыптастыру әліпби тәртібімен жүзеге асырылады», — деп толықтырды ІІМ.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...