Қазақстан Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

Қазақстан тәуелсіздігінің 32 жылдығын атап өтіп жатыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның егемендігі мен халқының бостандығы үшін күрескендерге тағзым ретінде бұл күнді тойлаудың еліміз үшін маңызы ерекше.

Дәл 1991 жылы 16 желтоқсанда республикамыздың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды.

Қазақстанның КСРО-дан шыққаны жарияланғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң еліміздің тәуелсіздігін Түркия бірінші болып мойындады. Одан кейін Америка Құрама Штаттары, Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция және т.б.

16 желтоқсан – Қазақстанда демалыс күні. Биыл мереке сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні дүйсенбі — 18 желтоқсанға ауыстырылды.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...