Алматыда қанша студент хостелде тұруға мәжбүр?

Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыда қанша және қай университет студенттері хостелде тұруға мәжбүр екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгінде Қазақстанда 104 жоғары оқу орнында 381 жатақхана бар екенін хабарлады. Студенттік жатын орынның жалпы саны 108 мың болса, оның 23 337-сі жалға алынған. Алматыда 14 жоғары оқу орнынан 3 964 студент хостелдерде тұрады.

Олардың арасында:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті;
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  • Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  • «Тұран» университеті;
  • Халықаралық білім беру корпорациясы;
  • «Нархоз» Университеті;
  • Еуразиялық технологиялық университеті;
  • Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті;
  • Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты;
  • Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті;
  • Қ. Сағадиев таындағы Халықаралық бизнес университеті.

Министрлік «Білім туралы» заңға сәйкес білім беру ұйымдары студенттерді жатақхана орындарымен білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қамтамасыз ететінін атап өтті. 2023 жылы жатақханалардың болуына қатысты университеттерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілген.

Министрлік Алматыдағы қайғылы оқиғаға байланысты қандай қорытынды жасалғанын және студенттердің жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолданылатынына жауап бере алмады. 1 желтоқсанда Алматыдағы жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өтті. Өзге өңірлердегі жоғары оқу орындарымен кездесуді 15 желтоқсанға дейін өткізу жоспарланған.

Еске салайық, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен болатын. Оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты: төрт шетелдік (Өзбекстан мен Ресей азаматтары) және тоғыз Қазақстан азаматы.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.