Вице-министрдің қызметінен кетуі: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағанбетов «ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр» деген қауесетке пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрмағамбетов электр энергетикасы, ЖЭО, ЖЭК салаларына жетекшілік еткені белгілі.

«Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Жандос Нұрмағанбетов 2003-2005 жылы «Каруглесбыт» ЖШС директорының орынбасары, директоры; 2005-2006 жылы «Карагандинская региональная энергетическая компания» ЖШС директоры; 2008-2010 жылы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ бас директоры; 2011-2013 жылы «Қызылорда» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы; 2013-2020 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп айырысу орталығы» ЖШС бас директоры; 2020-2021 жылы «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.