Елімізде қашаннан бастап салық өседі? МКК жауабы

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұлғайтылған АЕК салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуде қашаннан бастап қолданылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге мөлшерінде белгіленген. Бұл АЕК мөлшері 2023 жылғы 5 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңмен белгіленген.

Салық кодексіне сәйкес, ең төменгі есептік көрсеткіш бірқатар салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуде қолданылады.

«Бұл салықтарға, тіркеу және рұқсат алу алымдарына, барлық төлем мен мемлекеттік баждарға қатысты. Осы төлемдер мен салықтарды есептеу кезінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін АЕК сомасы қолданылады, яғни 3 692 теңге.

Сондай-ақ, Салық кодексінің нормаларында кірістерді түзету, салық шегерімдері, сондай-ақ жеке табыс салығы салынатын кірістер ретінде қарастырылмаған кірістер АЕК баламасында қарастырылған. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның кірісі болып есептелмейтін кірістерді, салық шегерімдерін және кірістерді есептеу үшін 3 692 теңге мөлшерінде АЕК қолданылады», — делінген МКК-нің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа 2024 жылдан бастап арнаулы салық режимдерін қолдану шарттарына сәйкес осындай режимдерді қолдану үшін шекті табысты айқындау кезінде 3692 теңге сомасында АЕК пайдаланылатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.