Алматы көшелерінде жолақ ені азайтылуы мүмкін

Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ көбейіп, жаңа веложолдар пайда болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев қоғамдық көлік пен велосипедшілерге басымдық беру үшін көлікке арналған жолақтың енін азайтуды жоспарланғанын айтты.

«Алматы үшін арнайы техникалық шарттарды әзірлеп жатырмыз, осы мәселені де қамтығымыз келеді, сонымен қатар жолақтың енін азайтуды ұсынамыз. Қазір оның ені көліктер үшін 3,5 метр, қоғамдық көліктер үшін 4 метр. Көптеген елде жолақтардың өлшемі сәйкесінше 2,7 және 3,1 метр. Қаламыз үшін де осындай параметрді көздеп отырмыз. Содан кейін таңба сызуды өзгерте аламыз, жолда бос жерлер қалады, онда біз қоғамдық көліктер мен веложолдарға арналған жолақтарды жабдықтаймыз», — деді Сағындық Телібаев.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...