Полиция кабинетіндегі қыз зорлау оқиғасы: Жетісу облысының ПД бастығы мен орынбасарлары қайда?

Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметінен босатылған бұрынғы басшысы Атығай Арыстанов кадрлық резервке алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ІІМ-нің редакция сауалына берген жауабында көрсетілген.

«Жетісу облыстық ПД бастығы мен оның екі орынбасары тәртіптік негізде қызметінен босатылып, Жетісу облысы Полиция департаменті қарамағында тіркеліп тұр», — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл ретте Ішкі істер министрлігі «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға (56-бап) сәйкес қызметтен босату «тәртіптік жаза» болып табылатынын атап өтті.

Еске салайық, Талдықорған полициясының басшысы 27 жастағы қызды зорлады деп айыпталғаннан кейін ішкі істер министрі Жетісу облыстық ПД бастығы Атығай Арыстановты қызметінен босатты. Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі («Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған адам зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...