Алматыда өрт шыққан хостел иелері іздестіріліп жатыр

Полицейлер Алматыда өртенген хостелдің иелерін іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

РСК брифингінде төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов полиция тіркелмеген хостел орналасқан үй-жайдың иелері мен жалға алушылардың жеке басын және орналасқан жерін анықтап жатқанын атап өтті. Алматы полициясы бұл іске қатысы болуы мүмкін күдіктілерден әзірге жауап алынбағанын айтты.

«Бұл адамдардың жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта олардың тұрғылықты жерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге олардың ешқайсынан жауап алынған жоқ. Қазір барлық құжаттаманы жинап жатырмыз, мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айбат Мурзамадиев.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...