Қазақстанда ЖСН алу тәртібі өзгереді

Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу тәртібін өзгертуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты талқылауға шығарды.

Министрлік бастама жасаған жаңа ережелерге сәйкес шетелдіктер ЖСН-ды электрондық үкімет порталы арқылы ресімдей алмайды. ЖСН рәсімдеу үшін олар келген орны бойынша ХҚКО-ға жеке келіп, өтініш беруі қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы қызмет көрсету орталығының қызметкеріне жүгінген кезде ол:

  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру;
  • құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (ИАЖ) өтінішті толтыру.

«Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және мәртебесі реттелмеген адамдарда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған кезде осы қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш мемлекеттік қызметті алу үшін негіз болып табылады», — делінген құжатта.

Егер шетелдік ХҚКО-да құжаттардың толық емес пакетін немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, оған құжаттарды қабылдаудан бас тартылады және Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.