12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕДИАНАРЫҚ ЖАҢА ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ ДАЙЫН БА?

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін 1999 жылы 23 шілдеде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң ескіргенін бүгінде бәрі мойындайды. Ал бұл мәселенің қоғамда талқыланып келе жатқанына он жылдың жүзі боп қалды.

Кәсіби қауымдастықтар мен бұл салаға қатысы бар түрлі қоғамдық ұйымдардың ұсыныс-тілектері бойынша ширек ғасырдың ішінде 30-ға жуық өзгерістер мен түзетулер енгізілгенімен, саладағы қордаланған мәселенің түйіні тарқатылған жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы да 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруда мүмкіндік беретін 10 бастаманың жетіншісі ретінде «Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуды» атаған еді.

– Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты. Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға айрықша назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. …Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек, – деген Президент тапсырмасынан кейін мұндағы ахуал түзелетін шығар деген үміт оты пайда болды. Алайда БАҚ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың құқықтық негіздерін белгілеп, сөз және шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттейтін «Масс-медиа» туралы заңның жобасы жарияланған кезден бастапақ кәсіби ортада қатты сынға ұшырады. Жұмыс топтары мен Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатада да қызу пікірталас тудырған заң жобасы Қазақстандағы БАҚ нарығын дамытуға арналған XV Медиа құрылтайда да сөз болды. Қазақстан баспасөз клубы ұйымдастырған шара бұл жолы «Медианарық: біз қауіптерге және қайтадан жаңаруға дайынбыз ба?» деген тақырыппен өтті. «Қазақстанның медиа нарығы: заңнамалық саладағы өзгерістер, тәуекелдер, мүмкіндіктер» деп аталатын негізгі панелдік сессиясына депутаттар, Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның төрағасы Айдос Сарым мен Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Искаков, «Әділсөз»қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, Құқықтық медиа орталықтың директоры және тең құрылтайшысы Дина Окремова, Exclusive сайтының бас редакторы Қарлығаш Еженова спикер ретінде қатысты. Онда Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылованың «идеологиялық тұрғыдан қандай сын-қатерлерді көріп отырсыздар? Бұл заң жобасы қазір бізге не үшін керек?» деген сауалына А.Сарым: «сын-қатерлер өзгерген ақпараттық технология, жасанды интеллектіге байланысты. Жұмыс тобындағы әріптестерімізбен біз оны үнемі талқылаймыз. Жаңа заң ең бірінші болашаққа бағдарлануы керек» деді. Ал «этика біздің заңға керек пе? деген сауалға Ж.Сүлейменова: Мәжілістің 8-шақырылымының 2-сессиясында «Масс медиа туралы» заң жобасы келді. Оған дейін де көп сұрақтар көтерілді. Олардың басым бөлігі депутаттар тарапынан да қолдау тапты. Бүгінгі таңда әлемнің дамыған мемлекеттерінде журналистік этиканың жоғары стандарты қалыптасқан. Жұмыс тобында біз талқылап жатқан мәселеде осы этика мәселесін кім реттеу керек? Мемлекет пе, министрлік пе, әлде өзін-өзі реттейтін ұйымдар қажет пе? деген сұрақтар туындады. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің, Жұмыс тобының мүшелері бұны өзін-өзі реттеу ұйымдары реттегені дұрыс деп ойлайды. Ал Мәдениет және ақпарат министрлігі мұны кәсіптік кеңестер арқылы реттеу қажет деген позицияда. Біз бұл норманы әлі талқылау үстіндеміз. Біз өз тарапымыздан 26-ға тарта норманы ұсындық», дегенді айтты. Оның айтуынша, біріншісі идеологиялық дербестікті сақтауға қатысты балалар әдебиетін, басылымдарын субсидиялауға қатысты. Екіншісі, «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» секілді ұлттық басылымдарды субсидиялау. Үшіншісі, шалғай ауылдарға газет-журналдарды жеткізу. Онда олар ұлттық оператор ретінде Қазпоштаны анықтаймыз ба, әлде басқа оператор қажет бола ма деген мәселе бойынша қызу пікірталас өткізген. Төртіншісі, мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа қатысты. «Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс ашық және бұған қатысты есептілік міндетті түрде болуы керек. Біз мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тиімді жүзеге асырылуының жыл сайынғы есебін Жоғары аудиторлық палата арқылы немесе орталық мемлекеттік орган арқылы Парламентке берілуі қажет деген норманы ұсындық. Бұл да ауқымды концептуалды нормалардың бірі болды. Масс-медианың этикасы деген біз үшін алдымен журналистердің құқықтық кепілдіктерін сақтау. Сонымен қатар сенімді, шынайы ақпаратты жеткізу, субъективтіліктен алыс бола отырып, объективті ақпаратты қоғамға жеткізу. Мен өзім оны қоғам мен биліктің арасындағы байланысты нығайту деп түсінем» деген Ж.Сүлейменова өздерінің «Масс-медиа туралы» заң тек қана бүгіннің тәуекелдеріне емес, бүгінгі өткір сұрақтарға емес, біздің ұлт ретіндегі болашақ сұрақтарға да жауап беретіндей заң болуы үшін жұмыс жасап жатқандарын жеткізді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі барлық тәуекелдер мен басты бағыттар, басымдықтар ең алдымен Ақпараттық доктринада айқындалғанын атап өтті. Соның ішінде бірінші сөз бостандығы. Екінші, ақпараттық егемендігіміз. Үшінші, медиа саланың бәсекеге қабілеттігі, сонымен қатар ұлттық дәстүріміз ескерілген. Сондықтан олар ең алдымен журналистика қауымдастығы мен медиа саламен, әрбір азаматпен осы мәселеге қатысты жұмыс жасап жатқанын жеткізген Қ.Искаков: «Біз оппонент емеспіз. Бәріміз әріптеспіз. Біздің саясатымыз сіздерге кедергі жасау емес, уәкілетті органның басты жұмысы сөз бостандығын қамтамасыз ету. Әрбір журналистің жұмысына жағдай жасау. Сонымен қатар ұлттық ақпараттық кеңістіктің ақпараттық қауіпсіздік мәселесі. Қолданыстағы заң 1999 жылы қабылданған. 24 жылдың ішінде 30-ға жуық өзгерістер енгізілді. Яғни, біздің заңнамамыз ішкі, сыртқы ахуалға, біздің қазіргі боп жатқан жағдайға сәйкес келмейді заңнама жағынан да, ұйымдастыру жағынан да, ақпараттық технологияны дамыту жағынан да. Тіпті, түсіндірме сөздері бойынша да сәйкес келмейді. Өйткені моральдық тұрғыдан ескірген» деді. Оның айтуынша, жаңа жобада қолданыстағы заңға қарағанда көп жеңілдіктер, оңды өзгерістер бар. Нақтылап айтқанда, бірінші – журналист мәртебесіне қатысты. Қазіргі таңда кез келген азамат өзінің ар-намысына нұқсан келтірген ақпарат болса кез келген уақытта шағым бере алады. Министрлік оның мерзімін 3 жыл деп нақтылап отыр. Екінші, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша. Олар шекаралас аумақтарда немесе шалғай ауылдарда біздің теледидар хабарларын көрсету үшін шетелдік арналарды бұғаттау үшін немесе шектеу үшін арнайы субсидия мәселесін қарастырып жатыр. Үшіншіден, құзырлы органдардың журналистердің ресми сауалнамасына жауап беру мерзімі қазіргі заңнамада 7 күн болса, енді оны 5 күнге қысқартып жатыр. «Пресс карта мәселесіне келсек, уәкілетті орган кедергі жасайды дегенге өз басым келіспеймін. Пресс карта мәжбүрлеу емес, ол тек қана мүмкіндік беру. Яғни кез келген тілшінің өз құқығы бар. Пресс карта алмаса қолданыстағы заңнама арқылы аккредиттеу жұмысын өткере береді. Егер сіз телефон арқылы жазылып, аккредитациядан өтетін болсаңыз ол өзіңіздің құқығыңыз. Егер сіз пресс карта алып, ешқайда жазылмай онлайн система арқылы, кюар код арқылы іс-шараға қатысам десеңіз ешқандай кедергі жоқ. Пресс карта мәселесі әлі қаралуда. Бұл норма емес. Министрлік ұсынған жоба, ұсыныс. Біздің басты мақсатымыз сөз бостандығын, медиақауымдастығының, әрбір тілшінің жұмыс жасауына жағдай жасау. Ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осының бәрін ескере отырып біздің ақпараттық егемендігімізді нығайту мәселесі. Талқыланып жатқан заң жобасы ең алдымен сөз бостандығына кепілдік береді. Журналист мәртебесін көтереді. Ақпаратқа қолжетімділік мәселесін нығайтады. Ақпараттық тапсырыстың ашықтығын жария етеді», – деген Қ.Искаков заң жобасының әлі де талқыланатынын, онда барлық тараптың мүддесі ескерілетініне сенім білдірді. Ал талқылауы ұзаққа созылған заңның нақты қашан қабылданатыны тағы да белгісіз боп отыр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Работа Конституционной комиссии продолжается

В РАМКАХ ОЧЕРЕДНОГО ЗАСЕДАНИЯ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ ПРЕДЛОЖЕНИЯ,...

Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті.

Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді: Тоқаев Мәдиевке отандық ЖИ-ге қатысты сұрақ қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке KazLLM-ге қатысты сұрақ қойды.

Үкімет: 2025 жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.