Үйі жоқтың, күйі жоқ. Өкінішке қарай, елімізде бір баспанаға қол жеткізуді көксеп, «қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп жүрген отандастарымыздың арманы таяу уақытта орындалмайтын секілді. Бұған осы сәрсенбіде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау барысында көз жетті.
Жаңа құжатты дайындап әкелген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұл мәселені шешуге қатысты ұстанымдары түсініксіз. Жиында сөз алған депутаттардың айтуынша, заң жобасының үкіметтік нұсқасын біраз түзетуге тура келген. Өйткені, оған Үкімет қолданыстағы нормаларды нашарлататын өлшемдер енгізіпті. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Заң жобасын қорғаған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлының айтуынша, құжаттың басты жаңалығы «Отбасы банкі» акционерлік қоғамын ұлттық даму институты етіп қайта құрып, оған азаматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын беру болып отыр. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған тізімдері ағымдағы базаға есепке қоюды тоқтата отырып, өзгеріссіз Отбасы банкіне берілетін болады. Отбасы банкінің негізінде Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Әрбір өтінім мұқтаж азаматтардың отбасылық жағдайының толық сипаттамасын қамтамасыз ете отырып, табыстарды, мүліктер мен активтерді көрсететін отбасының цифрлық портретімен сүйемелденеді. Тұрғын үймен қамту орталығы «бір терезе» қағидатын қолданатын мемлекеттік деректер базасымен біріктіріл25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық күні. 2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-ға мүше елдердің басшылары 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың 17 мақсатына қол қойған болатын. Оның бесіншісі – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту деп аталды. Өйткені, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – адам құқықтарын бұзудың ең көп таралған түрі саналады. Сондықтан бұл мәселені Мемлекет басшысы да әрдайым өзінің халыққа жолдауында назардан тыс қалдырған емес. ген бірыңғай ақпараттық базаға айналады. Осылайша, «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесін растау, кезекке тұру және ипотека алу үшін банкке хабарласу үшін бірнеше органға хабарласудың қажеті болмайды. Жаңа үлгіде тұрғын үйді мұқтаждар арасында бөлу әділетті бөлуді қамтамасыз ете отырып, тіркеу күніне және табыс деңгейіне байланысты болады. Құжаттың тағы бір жаңалығы азаматтарға жалға беруді, жалға берілетін тұрғын үйді немесе жеңілдетілген ипотекалық займдарды субсидиялау түрінде жылдық мөлшерлемесі 2-5 пайыз көлемінде мемлекеттік қолдау шаралары болып отыр. Есепке қою кезіндегі негізгі талаптардың бірі меншік құқығында тұрғын үйдің болмау талабы күшінде қалады. Тұрғын үйдің болмау мерзімі кезекке жаңадан тұрғандар үшін 10 жылға дейін ұлғайтылмақ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бірқатар азаматтардың, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектері, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушылар және басқа да топтардың тұрғын үйлеріне тегін меншік құқығы бар. Алайда, тұрғын үйге басым құқық жалпы алғанда кезекте тұрған 176 мың адамға, оның ішінде ҰОС ардагерлеріне, жетім балалар мен көп балалы отбасыларға тиесілі. Бұл халықтың басқа да осал топтары арасында әлеуметтік шиеленісті тудырады. Жаңа заң жобасы аясында тұрғын үйді тіркеу күніне қарай бөлу қағидатын енгізе отырып, аталған басымдықтарды қайта қарау ұсынылады. Бұл халықтың барлық әлеуметтік осал санаттары арасында тұрғын үйді әділ бөлуге мүмкіндік береді. Қосымша шараларға көп балалы отбасыларға, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға басымдықты сақтау, сондай-ақ жыл ішінде мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде қайтыс болғандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету кіреді. Басында айтып өткеніміздей, құжатта кемшіліктер көп. Олардың бірқатарын депутаттар түзеуге күш салды. Үкімет мәселен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының төрт санаты: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы аналар мен отбасылардың әлеуметтік тұрғын үй алуға бастапқы құқығын алып тастапты. Депутаттар жұмыс тобында «бірінші кезектегі құқық» бойынша тізімді сақтап, халықтың әлеуметтік осал топтарының санатын төрттен – алтыға дейін кеңейткен екен.
Енді әлеуметтік тұрғын үй алуға ардагерлер, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылармен қатар мүгедек балалары бар отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар құқылы болады. Сонымен қатар депутаттар заң жобасы бойынша ұсынылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді «меншікке өтеусіз алуға» қолданыстағы құқықты алып тастамақ ниетін де құптамай, осындай мүмкіндікке ие 11 санатты сақтап қалды. Десе де заң жобасында бұл санаттардың сақталып және кеңейтілуімен мәселе шешілмесі анық. Бүгінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар саны 640 мың адам. Бұл тұтас бір облыстың тұрғындарына тең көрсеткіш. Олардың саны жыл сайын 40-50 мың адамға артып отырады. Ал үкіметтің жылына беретіні небары 9 мыңға жуық пәтер. Бұл тәсілмен бесжеті жылдан кейін кезекте тұрғандар саны миллионнан асады. Жиында бұл жағдайға депутат Ернұр Бейсенбаев назар аудартты. Ол бұл орайда арнайы құрылған министрліктің осы тығырықтан шығудың нақты тетігін ұсына алмай отырғандығын сынады. Сонымен қатар, Бейсенбаев мырза төрт жылда жұмыс істейтін жастар арасынан жалдамалы пәтерге ие болған 9 мыңға жуық отбасының мәселесін де көтерді. Олар бес жылдан кейін бағдарлама шарты бойынша бұл баспананы босатуы керек. Сондықтан жастар барлық жерде тұрғын үйді жекешелендіруге мүмкіндік беру мәселесін көтеріп жүр. Бірақ үлкен қалаларда, біріншіден, мұндай пәтерлерді салу тиімсіз, екіншіден, ол жерде тегін жер жоқ. Осыған орай, аталмыш санаттағылар өз пәтерлерін сатып алу мүмкіндігіне ие болу үшін қолайлы жағдайлары бар жеке ипотекалық бағдарлама әзірлеу қажет. Депутат Нұртай Сабильянов бұл құжаттағы жергілікті атқарушы органдарға сапалы салынған үйлерді сатып алуға берілетін тетіктің кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізуі үшін жеткілікті қаражат бөлу қажеттігін мәлімдеді. Бұған қайтарылатын заңсыз шығарылған активтерді пайдалануды ұсынды. Бюджетті нақтылаған кезде осы мәселе назарда болу керек. Сонымен қатар, Сабильянов мырза депутаттардың Отбасы банкін екінші деңгейлі банктер жүйесіне қалдыру, депозиттерді міндетті кепілдікке қалдыруды ұсынып отырғанын, өйткені миллиондаған азаматтың триллиондаған қаражаты бар бұл ұйымның мемлекет қадағалауында болу керектігін, оның жұмысының ашықтығы қамтамасыз етілуі қажеттігін ескертті. Депутат Еділ Жаңбыршин апатты жағдайдағы үйде тұрып жатқан отандастарымыздың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені шешудің жолын ұсынды. Оның айтуынша, қазірдің өзінде елімізде 3402 адам апатты үйлерде тұрып жатыр. Олардың өміріне сағат сайын, минут сайын қауіп төнеді. Жаңбыршин мырза Ақтау қаласында бұл мәселенің қалай шешілгенін ортаға салды. Онда апатты 15 үй бизнес қаржысын тарту арқылы жойылып, орнына жаңасы салыныпты.
– Бюджет қаржысын мұндай құрылысқа тарту қиын. Ал, бизнес үшін бұл үлкен мүмкіндік. Өйткені, бұл үйлердің бәрі қаланың ортасында орналасқан. Ақтауда аталмыш үйлердің инфрақұрылымы бюджет қаржысымен күшейтіліп, қалғанын бизнес жасады. Сол 2014 жылы бұған бизнес тарапынан 12 млрд теңге, мемлекет тарапынан 50 млн теңге жұмсалды. Осы тәжірибе енгізілу керек. Ақшасын қайда жұмсарын білмей отырған бизнестің қаржысын осындай жобаларға тарту керек, – деген еді ол. Тоқетерін айтқанда қарапайым халықтың қабырғасына батып жүрген баспана мәселесін шешуде депутаттар барынша белсенділік танытып, тиімді ұсыныстарын қосты.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»


