Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот rеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысының Таймерденовті қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

«Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысы Мейрамбек Таймерденовтің судья лауазымында болуының шекті жасына, яғни 65 жасқа толуына байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді», — деді Денис Шипп.

Ол Мейрамбек Таймерденовтің сот жүйесінде 19 жылдан аса тәжірибесі бар екенін, оның төрт жылдан астамын Жоғарғы Соттың судьясы қызметін атқарғанын айтты.

«Таймерденов төрешілер қауымдастығында беделге ие. Мемлекет басшысының судья лауазымында болуының шекті жасына жетуіне байланысты Таймерденовті Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз», — деп толықтырды кеңес басшысы.

Сенат депутаттары судьяны қызметінен босату үшін бірауыздан дауыс берді.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.