Қызылша ауруы өршіп тұр: Қазақстанға 500 мың доза вакцина әкелінді

Алматыға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін 500 мың доза мөлшерінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина (ҚҚП) партиясы келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДСМ мәліметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданғанын естеріңізге сала кетейік. Халықтың арасында қызылша инфекциясымен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер егу мәртебесіне қарамастан балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу жөніндегі қаулыға қол қойды», — делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау үшін вакцинаның қосымша көлемін сатып алуды пысықтады. Жалпы, қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін ҚҚП-ға қарсы вакцинаның 1,5 миллионнан астам дозасы сатып алынғаны айтылды.

«Келген вакцина жедел тәртіпте ҚР ДСМ СЭБК-нің бөлуіне сәйкес ел өңірлеріне жіберілетін болады. Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ «суықтық тізбегіні» сақтай отырып жүзеге асырады.

Вакцинациялау үшін Serum Institute of India шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ алдын ала біліктілігі бар. Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады».

Биыл елімізде, әлемнің көптеген елдеріндегідей, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Қызылша – инфекцияның таралуы ауа тамшылары арқылы болатын жұқпалы вирустық инфекциялардың бірі. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

«Денсаулық сақтау министрлігі ел халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.

Бірінші кезекте 6 айдан 11 айға дейінгі балалар иммундауға жатады. Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарланған».

Қызылшаға қарсы профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес біздің елде жоспарлы түрде екі рет егілетінін: бала алғашқы егуді 12-15 айлығында, екіншісін — 6 жасында алатыны айтылды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...