12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

2024 жылы ең төменгі жалақы, зейнетақы және АЕК мөлшері қандай болады?

Үкімет «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында 2024 жылға арналған қазақстандықтарға төленетін төлемдер мен айыппұлдарды есептеу үшін қажетті ең төменгі жалақы, зейнетақы, айлық есептік көрсеткіш және басқа да көрсеткіштердің жаңа мөлшерін бекітті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір бұл заң жобасы Мәжілісте қабылданып, Сенатта қаралып жатыр. Егер Парламент заң жобасын мақұлдап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойса, 2024 жылдан бастап келесі көрсеткіштер белгіленеді.

Ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады – 15 мың теңгеге өседі. Бұл жұмыс берушілер жұмысшыларға ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде жалақы беруге міндетті дегенді білдіреді.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге (3 874 теңгеге өседі).

Бірлескен зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге (4777 теңгеге өседі).

Айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге (242 теңгеге өседі).

Бұл Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер өседі деген сөз. Сонымен қатар, айыппұлдар, салықтар және басқа да төлемдер, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы келісімдер бойынша есеп айырысулар өседі.

Работа Конституционной комиссии продолжается

В РАМКАХ ОЧЕРЕДНОГО ЗАСЕДАНИЯ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ ПРЕДЛОЖЕНИЯ,...

Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті.

Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді: Тоқаев Мәдиевке отандық ЖИ-ге қатысты сұрақ қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке KazLLM-ге қатысты сұрақ қойды.

Үкімет: 2025 жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.