2024 жылы Қазақстанда шәкіртақы қалай өседі?

2024 жылы қазақстандық студенттердің шәкіртақысы қандай болады? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, 2025 жылға дейін бакалавриат шәкіртақысын жыл сайын 20 пайызға, магистратура мен докторантураға жыл сайын 15 пайызға арттыру жоспарланғаны айтылған.

Комитет 2024 жылы шәкіртақы мөлшері мынадай болатынын түсіндірді:

  • бакалавриат – 47 135 теңге (педагогикалық бағытта – 75 600 теңге);
  • магистратура – ​​107 061 теңге;
  • докторантура – ​​240 000 теңге.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. 

Мемлекет басшысы Мысыр халқын Революция күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.