Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Франция басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға келді. Ол Қазақстанда ресми сапармен жүр. Екі елдің Министрлер кабинетінің мүшелері дәстүр бойынша Ақордада бас қосты. Қасым-Жомарт Тоқаев келгеннен кейін салтанатты рәсімнің ресми бөлімі басталды.

Салтанатты шараның басында құрметті қарауыл бастығы ел басшыларына рапорт берді, одан кейін Қазақстан мен Францияның әнұрандары шырқалды.

Президенттер бір-бірімен күліп амандасып, қол алысып, кездесуді шектеулі құрамда жалғастырды.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...