Мемлекет басшысы Республика күні еліміздің басты мейрамы екенін айтты

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімі басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн.

Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.