12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙТЫН ЖАҺАНДЫҚ КҮШТЕРДІ БІРІКТІРУ ҚАЖЕТ

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХІ отырысы өтті. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен дөңгелек үстелге әлемнің 23 елінен келген ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм және басқа да діндердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды. Онда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде қабылданған декларация ережелерін жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген конгресстің 2023–2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді.

Отырысты ашқан Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев қатысушыларға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін оқып берді. Құттықтау хатта Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өзінің жиырма жылдық қызметінде дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға, толеранттылық пен өзара қолдау идеяларын ілгерілетуге, сондай-ақ маңызды әлемдік проблемаларды шешуге зор үлес қосқанын атап өтті. Сонымен қатар онда «Бұл алаңда бейбітшілікті сақтауға, өзара құрмет пен ынтымақтастық мәдениетін нығайтуға бағытталған идеялар мен ұсыныстар тыңдалады.

Қазіргі күрделі халықаралық жағдайда адамгершілік, мейірімділік, гуманизм сияқты құндылықтардың маңыздылығы артып келеді. Адамзаттың алдында тұрған іргелі сын-қатерлерді еңсеру үшін халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру маңызды. Ол үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты жақтайтын жаһандық күштерді біріктіру қажет. Қазіргі жағдайда рухани көшбасшылар үлкен рөл атқара алады. Әлемдік діндердің басшылары күш біріктіріп, адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуге зор үлес қосатынына сенімдімін. Бүгін хатшылық отырысында осы және басқа да маңызды мәселелер талқыланады. Кездесу мазмұнды, әрі нәтижелі өтетініне сенімдімін» – деді. Бұл диалог алаңының бірегейлігін Мәулен Әшімбаев та өз сөзінде атап өтті. Съезд форматы беделді саяси және қоғам қайраткерлерінің, халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен өтетін ашық және шынайы дінаралық диалог ретінде әлемдік дамудың өзекті мәселелерін жан-жақты қарастыруға, шиеленістерді, жанжалдарды шешуге шақыратынын жеткізді. Конгрестің «өркениеттер қақтығысы» қаупін және діни негіздегі қақтығыстарды еңсерудегі маңызды үлесі де айтылды. Қазіргі қоғамның негізі, Мәулен Әшімбаев мәлімдегендей, мызғымас рухани-адамгершілік құндылықтар, толеранттылық пен диалог мәдениеті болуы керек. Дәл осылар жаңа әлемдік тәртіптің негізін құрауы тиіс және Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қорытынды декларациясында көрініс табуы қажет. Жиын барысында қатысушылар ел Президентінің тапсырмасы бойынша дайындалған конгрестің 2023–2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын мақұлдады. Құжат конгресс пен БҰҰ институттары мен басқа да беделді халықаралық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуді, серіктестер шеңберін және форум қызметінің географиясын кеңейтуді көздейді. Сенат төрағасының айтуынша, тұжырымдамада форумның алдағы жылдардағы дамуының жаңартылған көрінісін ұсынады. Оның жобасындағы басты жаңалық – конгресс миссиясының кеңеюі. Әлемдік дін көшбасшылары бірігіп, жаһандық дағдарысты еңсеруге, қазіргі әлемнің мәселелері – кедейлік, теңсіздікті жойып, соғыстарды тоқтатуға үлес қоса алады. Өз кезегінде дін өкілдері де өз сөзінде қазақстандық форум жұмысының ерекше маңыздылығын атап өтті. Діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен келісімге қол жеткізу үшін діни және саяси көшбасшылардың күш-жігерін біріктірудің өзектілігіне назар аудартты. Сонымен қатар, жиын барысында Хатшылық отырысына қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен және съездің мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Осы диалог алаңының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейх Уль-Ислам Аллахшукюр Пашазаде ІІ дәрежелі «Достық» орденіне және бірқатар қатысушылар «Шапағат» медалі мен съездің Құрмет грамоталарын иеленді. Отырыстың қорытындысы бойынша коммюнике қабылданды. Онда қатысушылар Діндер съезінің 20 жылдық табысты қызметі мен жасампаз рөлін атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауіпсіздіктің берік жүйесін жасау және жаһандық қауіптер мен қиындықтарды еңсеру үшін күшті халықаралық қауіпсіздік қозғалысын құру қажеттігі жөніндегі идеясын қолдады. Бұл идеяны іс жүзінде жүзеге асырудағы елеулі қадам – Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде Қазақстан ұсынған Әділ бейбітшілік пен келісім үшін Дүниежүзілік бірлік бастамасы екені мәлімделді. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар съезд хатшылығының келесі XXII отырысын 2024 жылдың күзінде Астанада өткізу туралы шешім қабылдады.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.