Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 5G енгізудің жаңа мерзімін белгіледі

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 форумында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 5G енгізу мерзімін белгіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы 5G желісін толық көлемде енгізуді инновацияны дамытуға тағы бір қуатты серпін деп атады. Президент бұл үдеріс Қазақстанда қазірдің өзінде қолға алынғанын атап өтті.

«Бұған дейін 2027 жылға қарай барлық облыс орталықтарын жаңа буындағы ұялы байланыспен қамту мақсаты қойылса, технологияның қарқынды дамуы жағдайында бізге жеделдетіп, шындап қарқын алу керек.

Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын – 2025 жылдың аяғына дейін аяқтауы керек», – деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...