Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қарауыңызға Мемлекет басшысының Сембек Баймаханов, Өміртай Ибраев және Ұлболсын Сүлейменованың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьялары лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізілді. Барлық судья зейнеткерлік жасқа жетті, 28-37 жас аралығында судьялық жұмыс тәжірибесі мол. Судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие. Сізден қолдау сұраймыз», — деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп депутаттарға.

Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді.

«Әріптестеріміз өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарды, алдағы қызметтеріне сәттілік тілейміз», — деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...