Қарттар күніне орай бірнеше өңірдегі зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсетіледі

Қарттар күні, зейнеткерлер және Республика күні мерекесіне орай қарттарға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қарттар күнінде (1 қазан) Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күнінде (25 қазан) Ақмола және Павлодар облыстарында 234 мыңнан астам адамды қамтитын біржолғы қаржылық 2-ден 10 АЕК-ке дейін (6900 теңгеден 34500 мың теңгеге дейін) қарттарға көмек көрсетіледі, бұл шамамен 1,9 миллиард теңге болады», — деді Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Министрдің айтуынша, Қарттар күніне орай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік қоржындары таратылады.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...