ШЫҰ ЕЛДЕРІ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ КҮШ БІРІКТІРМЕК

Жақында Шанхай қаласында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің әділет министрлігінің оныншы кеңесі өтті. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің кеңесінде ШЫҰ төрағалығын қабылдады.

Кеңеске ҚХР Орталық саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньцин, ШЫҰ Бас хатшысы және Шанхай ынтымақтастық ұйымға мүше мемлекет өкілдері қатысты. Кеңес барысында Әділет министрі А.Есқараев ҚР Президенті Қ. Тоқаев белгілеген Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуі шеңберіндегі басым бағыттар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызға ие болатынын атап өтті. Біздің төрағалығымыздың назарын да өзекті үш мәселе талқыға түседі: трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы және киберқылмыс. Бұл стратегиялық бағыттар ҚР Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген. Сондай-ақ, министр А. Есқараев ҚР Әділет министрлігінің Әділет министрлері кеңесіне төрағалық етуі Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті. Қатысушылар әділет министрліктерінің қызметіндегі инновациялар туралы мәселелерді талқылады. Одан бөлек заң қызметтерін көрсету және сот-сараптама қызметі саласын одан әрі дамыту қажеттігі айтылды. Қатысушылар келесі жылы Қазақстанда кездесуге келісті. Оныншы кеңестің қорытындысы бойынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әділет министрлері бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Қазақстандық делегация Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрліктері арасында ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты кездесулер өткізді.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тегерандағы шабуылдардан ДДСҰ кеңсесіне зақым келді 

Иран астанасына жасалған шабуылдардан Тегерандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі зақымдалды.

1 сәуірге валюта бағамы 

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді 

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді.

Жанармай мен коммуналдық тарифтер қымбаттауы мүмкін: 1 сәуірде мораторий аяқталады 

Елде жанармай мен коммуналдық қызмет тарифтеріне қойылған мораторий 1 сәуірден бастап аяқталады. Ол ел экономикасына қандай өзгеріс алып келеді?