Қазақстан Үкіметі қалай жаңарды?

Жолдаудан кейін Президент бірнеше министрліктерді қайта құрды. Қазір Қазақстанда 21 министрлік бар, оларды кім басқарады, кімдер лауазымынан босатылғаны туралы Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Әлихан Смайылов премьер-министр қызметінде қалды. Бұған дейін де Смайылов маңызды лауазымды қызметтер атқарған еді. 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін қаржы министрі болса, 2019 жылғы 25 ақпанда премьер-министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі қызметіне тағайындалды. Ал 2021 жылы 18 қаңтарда осы қызметке қайта тағайындалды. 2022 жылғы 11 қаңтарда премьер-министр лауазымына тағайындалды. Биыл 30 наурызда Үкімет басшысы лауазымына қайта тағайындалды.

54 жастағы Серік Жұманғарин бұған дейін премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі қызметін атқарған еді. Президент жарлығымен шенеунік премьер-министрдің орынбасары қызметінде ғана қалды. Ал Жұманғариннің орнына 46 жастағы Арман Шаққалиев келді. Шенеунік бұған дейін Сауда және интеграция министрлігінде бірінші вице-министр болды.

58 жастағы Тамара Дүйсенова да әріптесі Жұманғариннің жолын қайталады. Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары — еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Дүйсенова бірінші лауазымында ғана қалды. Ал оның орнына жаңа министр болып 55 жастағы Светлана Жақыпова келді. Биыл маусымда Светлана Жақыпова Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалған еді.

Ішкі істер министрлігіне де жаңа басшы келді. Президент жарлығымен Марат Ахметжанов ішкі істер министрі лауазымынан босатылып, орнына 55 жастағы Ержан Сәденов келді. Сәденов 2016 жылдан 2019 жылға дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарса, 2022 жылғы қаңтарда ішкі істер министрінің орынбасары болған. Ал Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.

Ал бүгін ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қызметінен кетіп, орнына Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі, 57 жастағы Айдарбек Сапаров министр болып тағайындалды.

Су жаңа Көлік министрлігінің басшысы болып 36 жастағы Марат Қарабаев тағайындалды. Қарабаев биыл 4 қаңтарда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалса, 4 сәуірде ҚР Президентінің жарлығымен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып қайта тағайындалған еді.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне басшы болып Аида Балаева тағайындалды. Шенеунік 2020 жылғы 4 мамырда ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған еді. Ал былтыр 11 қаңтарда Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып Қанат Шарлапаев тағайындалды. Ол «Бәйтерек» холдингін 2022 жылғы ақпаннан бастап басқарды. Бұған дейін «Сити» инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры болып жұмыс істеген.

Жаңадан құрылған су ресурстары және ирригация министрлігіне басшы ретінде Жамбыл облысының экс-әкімі, 56 жастағы Нұржан Нұржігітов тағайындалды. Шенеунік 2021 жылғы сәуірден бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды. Кейін Жамбыл облысы әкімі қызметін атқарған болатын.

Туризм және спорт министрі болып экс-әкім Ермек Маржықпаев тағайындалды. Шенеунік 2015-2019 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi болса, 2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалған еді.

Экология министрлігінде де ауыс-түйіс болды. 33 жастағы Зүлфия Сүлейменова қызметінен кетіп, орнына 62 жастағы Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. Шенеунік 2019 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы мамырға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған болатын.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.